Skip to main content

Nucleus® 7 дыбыс процессорын үйлесімді Apple құрылғысымен жұптау^

Nucleus 7 дыбыс процессорын iPhone немесе iPod touch құрылғысымен жұптау жолы.

Nucleus Smart қолданбасының басқару мүмкіндіктерін пайдалану алдында, дыбыс процессор(лар)ын үйлесімді iPhone немесе iPod touch құрылғысымен жұптау керек. Жұптау туралы қосымша ақпаратты Nucleus Smart қолданбасындағы ЖҚС бөлімінен қараңыз.

 

Екі жақты құрылғыларды iPhone немесе iPod touch құрылғысымен жұптай аламын ба?

Иә. Егер сізде екі жақты Nucleus 7 дыбыс процессоры болса, дыбыс процессорының екеуін де үйлесімді Apple құрылғысымен жұптау керек. Осыны істеу үшін, екі дыбыс процессорын бір уақытта жұптап (бірдей жұптау терезесінде), олар «сол жақ» және «оң жақ» құрылғы ретінде дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

 

^Nucleus 7 дыбыс процессоры iOS 10.0 операциялық жүйесін немесе одан кейінгі нұсқасын пайдаланатын iPhone X, iPhone 8 Plus, iPhone 8, iPhone 7 Plus, iPhone 7, iPhone 6s Plus, iPhone 6s, iPhone 6 Plus, iPhone 6, iPhone SE, iPhone 5s, iPhone 5c, iPhone 5, iPad Pro (12,9 дюйм), iPad Pro (9,7 дюйм), iPad Air 2, iPad Air, iPad mini 4, iPad mini 3, iPad mini 2, iPad mini, iPad (4-ші буын), iPod touch (6-шы буын) құрылғыларымен үйлесімді. Nucleus Smart қолданбасы iOS 10.0 немесе одан кейінгі нұсқасын пайдаланатын iPhone 5 (немесе одан кейінгі нұсқа) және iPod 6-буын (немесе одан кейінгі нұсқа) құрылғыларымен үйлесімді. Apple, Apple логотипі, FaceTime, Made for iPad логотипі, Made for iPhone логотипі, Made for iPod логотипі, iPhone, iPad Pro, iPad Air, iPad mini, iPad және iPod touch – АҚШ және басқа елдерде тіркелген Apple Inc. компаниясының сауда белгілері. App Store – Apple Inc компаниясының АҚШ пен басқа елдерде тіркелген қызметтік белгілері. Ақпарат 2018 жылғы ақпан айындағы ахуал бойынша дұрыс болып табылады.