Skip to main content

Nucleus® Smart қолданбасы: Жиі қойылатын сұрақтар


Cochlear™ Nucleus 7 дыбыс процессоры Nucleus Smart қолданбасымен үйлесімді.


Android құрылғысы үшін Nucleus Smart қолданбасын пайдалану үшін сіздің құрылғыңыз Android 5.0 (Lollipop) операциялық жүйесін немесе одан кейінгі нұсқасын пайдалануы және Bluetooth 4.0 немесе одан кейінгі нұсқасын қолдауы қажет.

Nucleus Smart қолданбасының төмендегі Android смартфондарымен үйлесімділігі тексеріліп, расталды.

Өндіруші Моделі
Samsung Galaxy S7
Samsung Galaxy S8
Huawei P8lite
Google Pixel
LG G6
Lenovo Moto G5
HTC U11

Егер құрылғыңыз тізімде жоқ, бірақ Android 5.0 және Bluetooth 4.0 мүмкіндігін пайдаланса, Nucleus Smart қолданбасы жұмыс істеуі мүмкін, бірақ ақауларды жою үшін біз аталған құрылғылардағыдай қолдау деңгейін ұсына алмаймыз.


Nucleus Smart қолданбасы планшеттерде пайдалануға арналмаған.


Nucleus Smart қолданбасын Google Play Store дүкенінен тегін жүктеп алуға болады. Play Store белгішесін түртіп, «Nucleus Smart» деп іздеп, Nucleus Smart қолданбасын жүктеп алу опциясын таңдаңыз. Nucleus Smart қолданбасы барлық елдерде қолжетімді бола бермейтінін ескеріңіз, сол себепті іздеу кезінде пайда болмауы мүмкін.


Жоқ. Android құрылғыларында есту құрылғылары үшін енгізілген қолдау мүмкіндігі жоқ. Сол себепті оны Nucleus 7 дыбыс процессорын басқару үшін пайдалану қажет болса, Android құрылғысында Nucleus Smart қолданбасы болуы керек.


Жоқ. Nucleus Smart қолданбасын Nucleus 7 дыбыс процессорын үйлесімді Apple және Android құрылғыларынан басқару және бақылау үшін пайдалануға болады.

«Made for iPhone» (iPhone үшін жасалған) дыбысты үйлесімді Apple құрылғыларынан тікелей дыбыс процессорына ағынмен жіберуге болатынын білдіреді. Дыбысты Android құрылғыларынан ағынмен жіберу үшін Cochlear Wireless Phone Clip (Телефон қысқышы) қажет.


Android операциялық жүйесі тікелей Bluetooth® арқылы төмен энергиямен дыбысты ағынмен жіберу мүмкіндігін қолдамайды. Музыка мен қоңырауларды Cochlear Wireless Phone Clip (Телефон қысқышы) құрылғысының көмегімен Android құрылғысынан Nucleus 7 дыбыс процессорына ағынмен жібере аласыз.


Nucleus 7 дыбыс процессорын Nucleus Smart қолданбасымен басқару үшін Nucleus Smart қолданбасын жүктеп алып, Cochlear тіркелгісімен жүйеге кіру керек. Сізде Cochlear есептік жазбасы болмаса, қолданбаны жүктеп алған соң «Жаңа есептік жазба жасау» опциясын түртіп, экрандағы нұсқауларды орындау арқылы есептік жазба жасауға болады.


Nucleus 7 дыбыс процессорын бес үйлесімді Android құрылғысымен жұптауға және Nucleus Smart қолданбасын оларға орнатуға болады.

Дегенмен дыбыс процессор(лар)ына бір уақытта тек бір үйлесімді Android құрылғысын жалғауға болады.


Иә. Егер балаңыздың Nucleus 7 дыбыс процессорымен үйлесімді Android құрылғысы жұпталса, батарея күйін көруге, дыбыс деңгейін реттеуге және дыбыс процессорын түртпей бағдарламаны өзгертуге мүмкіндік беретін процессорды басқаруға және бақылауға болады.


Егер Nucleus Smart қолданбасымен дыбыс процессор(лар)ын реттеу мүмкін болмаса, үйлесімді Android құрылғысы процессормен дұрыс жұпталмауы мүмкін.

Жұптау процесі туралы қосымша ақпаратты Nucleus 7 Android жұптау анимациясынан қараңыз. Егер жұптау процесі сәтті орындалса, құрылғы ұсынылған ауқымда екендігін және ештеңе артық кедергі келтірмейтінін тексеріңіз. Егер де мәселе жойылмаса, Cochlear компаниясына немесе есту маманына хабарласыңыз.

 


Nucleus Smart қолданбасы бастапқы экранының үстіңгі оң жағынан батарея белгішесін көресіз. Бұл батареялар зарядының деңгейін көрсетеді. Дыбыс процессоры батареясы деңгейінің толық көрінісін көрсететін «Күй» экранын көру үшін, батарея белгішесін түртіңіз. Сонымен қатар, бұл экран Nucleus 7 дыбыс процессорына жеткізілетін дыбыс деңгейін және дыбыс процессорының күй индикаторын көрсетеді. Белгі Nucleus 7 дыбыс процессорының дұрыс істейтінін көрсетеді.


Жұптау үрдісін аяқтаған соң хабарландыру пердешесін төмен сырғытып, Nucleus Smart қолданбасы процессор(лар)ыңыздың батарея күйін көрсететінін тексеріңіз. Хабарландыруды көрмесеңіз, бұл қолданбаның істеп тұрмағанын білдіреді. Оны қолданбалар панелінен (немесе бастапқы экрандағы) Nucleus Smart қолданбасы белгішесін тауып, түрту арқылы іске қосуға болады.


Nucleus Smart қолданбасы жабылған жағдайда ғана тоқтайды. Қолданбаны тек ақауларды жою мақсаттарына жабуыңыз керек, себебі «Процессорымды табу» және «Естуді бақылау құралы» сияқты мүмкіндіктерді пайдалану үшін қолданба қосулы болуы қажет. Қолданбаны жабу үшін «Күйге келтіру» бөлімін ашып, «Қолданбалар» опциясын табыңыз, одан соң тізімнен «Nucleus Smart» опциясын тауып, «Мәжбүрлеп тоқтату» түймесін басыңыз.


Егер сіз Nucleus 7 дыбыс процессорын 2018 жылдың шілде айына дейін алған болсаңыз, дыбыс процессорының микробағдарламасын Android құрылғысымен пайдалану алдында оны жаңарту қажет. Ол жаңартуды дәрігеріңіз орындай алады. Толық ақпарат алу үшін Cochlear компаниясына немесе есту маманына хабарласыңыз.


Егер қиындықтар туындаса немесе Nucleus Smart қолданбасы туралы басқа сұрақтарыңыз болса, кеңес пен көмек алу үшін жергілікті Cochlear кеңсесіне хабарласыңыз және cochlear.com/intl/contact/global-offices торабына кіріңіз.