Skip to main content

Cochlear™ есептік жазбасы туралы қосымша ақпарат


Cochlear есептік жазбасы — Cochlear қызметтеріне кіруге пайдаланылатын жеке есептік жазба. Ол Cochlear онлайн қызметтеріне электрондық пошта мекенжайы және құпия сөз арқылы кіруге мүмкіндік береді. Cochlear Nucleus Smart қолданбасы сияқты Cochlear қызметтеріне кіру үшін Cochlear есептік жазбасы керек.

Cochlear есептік жазбасын жасау Cochlear ұйымына сіздің Nucleus 7 дыбыс процессорымен есту сапарыңызда ресурстар, қызметтер және қолдау көрсетуіне жол береді. Сонымен қатар Cochlear компаниясы iOS немесе Android™ жүйесіне және Nucleus Smart қолданбасына қатысты жаңартулар туралы сізге хабарлап отыра алатын болады.


Көптеген елдерде, нақты көрсетілген жастан асқан болсаңыз, сіз өз Cochlear есептік жазбаңызды жасай аласыз. Көрсетілген жасқа толмаған болсаңыз, ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз Cochlear есептік жазбаңызды орнатып, келісімін беруі керек. Жас шектеуі тұратын еліңізге байланысты болады. Осы тақырып бойынша арнайы сұрақтарыңызды қою үшін жергілікті Cochlear кеңсесіне хабарласыңыз. Байланыс ақпаратын алу үшін cochlear.com/intl/contact/global-offices торабына кіріңіз.


Жоқ. Көрсетілген жастан асқан адамға Cochlear есептік жазбасын орната алмайсыз.


Балаңыз көрсетілген жасқа толмаған, бірақ Cochlear есептік жазбасын орнатқан болса, кеңес және көмек алу үшін жергілікті Cochlear кеңсесіне хабарласыңыз, себебі баланың есептік жазбасы болуы үшін ата-ананың келісімі керек. Байланыс ақпаратын алу үшін cochlear.com/intl/contact/global-offices торабына кіріңіз.


Жоқ, себебі ол жеке ақпаратқа қатынас береді. Жүйеге кіру мәліметтері қауіпсіз сақталғанын тексеріңіз.


Егер Cochlear өнімі онлайн дүкеннен сатып алынса немесе Cochlear онлайн қызметі бұрын пайдаланылса, Cochlear есептік жазбасы бұрыннан болуы мүмкін. Nucleus Smart қолданбасына кіру үшін, бір электрондық пошта мекенжайын және құпия сөзін пайдалана аласыз. Егер Cochlear есептік жазбасының бар-жоғын тексеру керек болса, көмек алу үшін жергілікті Cochlear тұтынушыға қызмет көрсету тобына хабарласыңыз.


Егер Cochlear есептік жазбасы (мысалы, Cochlear онлайн қызметтеріне әлі электрондық пошта мекенжайымен және құпия сөзімен кірмегенсіз) бұрыннан болса, Nucleus Smart қолданбасынан «Жаңа есептік жазба жасау» опциясын таңдаумен біреуін жасай аласыз.

Мыналарды орындауыңыз керек:

  1. Атыңыз бен электрондық пошта мекенжайын беру керек
  2. Cochlear есептік жазбасының бірегей құпия сөзін жасау керек.

Мәліметтер жібергеннен кейін, Cochlear есептік жазбасын белсендіру сілтемесі бар электрондық хабар жіберіледі. Егер электрондық хабар алмасаңыз, спам немесе қоқыс қалтасын тексеріңіз. Белсендіру сілтемесі басылса, Nucleus Smart қолданбасы автоматты түрде ашылып, электрондық пошта мекенжайымен және құпия сөзбен жүйеге кіре аласыз.


Балаңыз Nucleus 7 дыбыс процессорын басқаруы үшін Nucleus Smart қолданбасын өз құрылғысынан пайдалануы қажет болса, ол үшін Cochlear есептік жазбасын жасауыңызға болады. Есептік жазбаны орнатқанда сіз балаңыздың қолданбаның барлық мүмкіндіктеріне толықтай қол жеткізуіне келісім бересіз.


Балаға есептік жазба орнату үшін сізге:

  1. Nucleus Smart қолданбасы орнатылған үйлесімді Android құрылғысы (балаңызға арналған)
  2. Балаңыздың электрондық пошта мекенжайы (өз электрондық пошта мекенжайыңызбен бірге)
  3. Өзіңіздің үйлесімді Apple немесе Android құрылғыңыз
  4. Өзіңіздің Cochlear есептік жазбаңыз

Балаңызға Cochlear есептік жазбасын орнату үрдісін аяқтау шамамен 15 минут уақыт алады.


Балаңызға Cochlear есептік жазбасын орнатпас бұрын өз Cochlear есептік жазбаңызды орнату керек.

Сіздің Cochlear есептік жазбаңызды (ересек) орнату

  1. Егер Cochlear есептік жазбасы (мысалы, Cochlear онлайн қызметтеріне әлі электрондық пошта мекенжайымен және құпия сөзімен кірмегенсіз) бұрыннан болса, Nucleus Smart қолданбасынан «Жаңа есептік жазба жасау» опциясын таңдаумен біреуін жасай аласыз.
  2. Ат пен электрондық пошта мекенжайын беру керек болады. Сонымен қатар, Cochlear есептік жазбасының бірегей құпия сөзін жасау керек болады.
  3. Мәліметтер жібергеннен кейін, Cochlear есептік жазбасын белсендіру сілтемесі бар электрондық хабар жіберіледі. Егер электрондық хабар алмасаңыз, спам немесе қоқыс қалтасын тексеріңіз. Белсендіру сілтемесі басылса, Nucleus Smart қолданбасы автоматты түрде ашылып, электрондық пошта мекенжайымен және құпия сөзбен жүйеге кіре аласыз.
  4. Жүйеге кірген соң жұптау үрдісін жалғастыру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Үрдіс барысында сізден қабылдаушының атын ұсыну сұралады. Осы деректерді дұрыс енгізіңіз. Қабылдаушы бұдан соң сізге жалғанып, оның ақпараты қолданбаның есептік жазба мәліметі бөлімінде көрсетіледі.

Осы үрдісті орындауда мәселелер болса немесе мәлімет қате болып шықса, балаңызға Cochlear есептік жазбасын орнату алдында тұтынушыға қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.

Балаңызға Cochlear есептік жазбасын орнату

Cochlear есептік жазбасына кірген соң:

  1. Nucleus Smart қолданбасының мәзірінен «Параметрлер» опциясын таңдаңыз
  2. «Параметрлер» бөлімінен «Есептік жазба мәліметі» опциясын таңдаңыз
  3. «Есептік жазба мәліметі» бөлімінде сіздің мәліметіңіз сіздің күтім көрсететін адамдармен бірге көрсетіледі
  4. Баланы таңдап, олардың электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз (бұл олардың Cochlear есептік жазбасы үшін пайдаланушы аты болады). Бұл электрондық пошта мекенжайы сіздің электрондық пошта мекенжайыңызбен бірдей болмауы керек
  5. Сұрау бойынша балаңыздың есептік жазбаға толықтай кіруіне келісіміңізді растаңыз.
  6. Балаңыздың электрондық пошта мекенжайына белсендендіру хаты жіберіледі
  7. Балаңызға белсендендіру хатынашып, белсен дендіру сілтемесін басуы керек,
  8. Балаңыздан есептік жазбаны орнату үрдісін аяқтау үшін есептік жазбасына құпиясөз жасауы сұралады
  9. Есептік жазба орнатылған соң, оны Nucleus Smart қолданбасы орнатылған кез-келген үйлесімді құрылғыда Nucleus Smart қолданбасына кіру үшін пайдалануға болады
  10. Балаңыздың Cochlear есептік жазбасы сәтті бесендендірілген соң сізге ол туралы хат келеді.

Ия, болады. Басқа балаға есептік жазба орнату үшін жоғарыда сипатталған үрдісті қайталаңыз. Әр балаға бөлек үйлесімді құрылғы керектігін ескеріңіз ‑ бір уақытта бір құрылғыға екі баланы тіркеу мүмкін емес.


Құпиялығыңыз біз үшін маңызды. Жеке ақпарат құпиялығын қолданбалы құпиялық және деректерді қорғау заңдарына сәйкес қорғауға міндеттенеміз. Жеке ақпаратыңыз Құпиялық саясатына сәйкес өңделеді. Қосымша ақпарат үшін cochlear.com/intl/privacy-policy торабына кіріңіз.


Егер пайдаланылған электрондық пошта мекенжайы есте сақталмаса, жергілікті Cochlear тұтынушыға қызмет көрсету тобына хабарласыңыз.

Егер құпия есте сақталмаса, жүйеге кіру бетінен «Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?» опциясын таңдаңыз. Электрондық пошта мекенжайын енгізсеңіз, құпия сөзді қайта орнату жолы туралы нұсқаулар электрондық поштамен жіберіледі.


Егер қиындықтар туындаса немесе Cochlear есептік жазбасы туралы басқа сұрақтарыңыз болса, кеңес пен көмек алу үшін жергілікті Cochlear кеңсесіне хабарласыңыз және cochlear.com/intl/contact/global-offices торабына кіріңіз.