Skip to main content

COCHLEAR КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Адамдарға Hear now. And always (Қазір және әрқашан есту) бойынша көмектесу туралы уәдемізді орындау жолында Cochlear компаниясы жеке ақпаратты жинауы, пайдалануы және бөлісуі мүмкін. Бұл біздің веб-тораптар, қолданбалар, өнімдер немесе қызметтер арқылы немесе бізбен хабарласу арқылы іске асуы мүмкін. Біздің қандай ақпаратты жинайтынымызды, оны қалай пайдаланатынымызды, оны кіммен бөлісетінімізді, қалай қорғауға тырысатынымызды, оған қалай қол жеткізуге және (немесе) түзетуге болатынын және сұрақтарыңыз немесе түйінді мәселелеріңіз болса, бізге қалай хабарласа алатыныңызды түсіндіргіміз келеді.

Осы Құпиялық саясаты Cochlear Limited компаниясының және оның дүние жүзіндегі еншілес компанияларының («Cochlear тобы») веб-тораптарына, қолданбаларына, хат-хабарларына, өнімдері мен көрсететін қызметтеріне қатысты қолданылады, олардың тізімін мына жерден табуға болады.

Есіңізде болсын: осы Құпиялық саясаты АҚШ-тың «Health Insurance Portability and Accountability Act» (HIPAA - Медициналық сақтандыру деректерін табыстау және есеп беру туралы заңында) айқындалғандай, Қорғалған медициналық ақпаратты Cochlear компаниясының жинауын, пайдалануын немесе жария етуін реттемейді. Біздің HIPAA құпиялықты сақтау туралы құлақтандыруы тарауымызды қарауыңызға болады.

 

 

COCHLEAR ҚАНДАЙ ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ЖИНАЙДЫ?

Сіз беретін жеке ақпарат

Сіз Cochlear компаниясымен әрекеттескен кезде, бізге өзіңіз туралы жеке ақпаратты беруіңіз мүмкін. Мысалы, сіз:

  • біздің веб-тораптарымыздың бірінде немесе қолданбаларымыздың бірі арқылы Cochlear тіркелгісіне тіркелген кезде немесе Cochlear кәсіпорнына немесе іс-шарасына барған кезде аты-жөніңіз бен байланыс деректеріңізді;
  • біздің Cochlear қауымының форумдарына немесе басқа қызметтерге бастан кешіргендеріңіз туралы ақпаратты;
  • құрылғыны тіркеген немесе біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдаланған немесе олар туралы ақпаратты сұраған кезде өзіңіздің жасыңыз, денсаулығыңыз немесе емделуіңіз туралы ақпаратты; немесе
  • бізден өнімдерді немесе қызметтерді сатып алған кезде несие картаңыздың нөмірін беруіңіз мүмкін.

Егер сіз медицина қызметкері болсаңыз, біз, сондай-ақ, сіздің медициналық мамандығыңыз, дәрігерлік салаңыз және Cochlear өнімдерімен істейтін жұмысыңыз туралы ақпаратты жинауымыз мүмкін.

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануыңыз туралы жеке ақпарат

Cochlear қолданбалары мен қызметтерінің шеңберінде белгілі бір мүмкіндіктерді іске қосу қолданбаны және (немесе) есту құрылғысын пайдалануыңыз туралы қосымша ақпаратты бөлісуіңізге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің веб-тораптарға барған немесе қолданбаларымызды пайдаланған кезіңізде, сіздің компьютеріңіз немесе мобильді құрылғыңыз сіздің IP мекенжайыңыз, шолғышыңыздың нұсқасы, пайдаланатын қолданбаңыздың нұсқасы және орын алған қателіктер туралы белгілі бір деректерді бізге жіберуі мүмкін. Қосымша деректерді төмендегі Cochlear cookie файлдарын қалай пайдаланады бөлімінен оқыңыз.

Үшінші тұлғалардан келетін жеке деректер

Біз кейде басқа мекемелерден немесе адамдардан сіз туралы ақпарат сұрауымыз мүмкін. Мысалы, есту имплантын алғаннан кейін, сізге толық қолдау көрсетуіміз үшін аурухана сіздің есту имплантыңыздың сериялық нөмірін, дыбыс процессорының сериялық нөмірі мен конфигурациясын және байланыс деректеріңізді бізде тіркеуі мүмкін. Біз, сондай-ақ, нарықты талдау мен маркетингілік қызметімізді толықтыру үшін үшінші тараптағы жеткізушілерден деректер алуымыз мүмкін. Осы қосымша деректер сіздің жеке басыңызға бейімделген қызмет көрсетуімізге көмектеседі.

 

 

COCHLEAR КОМПАНИЯСЫ ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАДЫ?

Есту қабілетінен айырылу туралы түсінігі мен көзқарасын өзгерту, сондай-ақ имплантталатын есту шешімдерін жаңартып, нарыққа шығару мақсатында өнімдеріміз бен қызметтерімізді жеткізу, күтіп ұстау мен жақсарту үшін біз жеке ақпаратты пайдаланамыз. Мысалы, біз жеке ақпаратты:

  • өнімдер мен қызметтерді сынақтан өткізу, қолдау көрсету және жаңарту мен жақсарту (мысалы, құрылғыларды дәл келтіру, іске қосу, техникалық қызмет көрсету және басқару үшін), сонымен қатар жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу үшін;
  • өнімнің жұмысын, қызмет көрсетуді және сенімділігі туралы мәліметті талдау үшін;
  • біздің веб-тораптар мен қолданбалардың мазмұнын, функциялары мен пайдалану тиімділігін жақсарту үшін;
  • Cochlear өнімдерін тарату жазбалары мен құрылғы тарихының жазбасын жүргізу үшін;
  • біздің өнімдерімізге қатысты медициналық сұрақтарды және (немесе) шағымдарды тіркеу сияқты нормативтік талаптарға сай болу үшін;
  • қауіпсіздік, сенім арту немесе алаяқтыққа қарсы мақсаттар үшін; немесе
  • жұмысқа қабылдау туралы өтінімдерді қарастыру барысында және кадрларды іріктеу кезінде пайдаланамыз.

Біз, сондай-ақ, жеке ақпаратты маркетингілік және насихаттау жұмысымызды қолдау үшін, соның ішінде:

  • сізді сауалнамаға қатысуға және пікіріңізді білдіруге шақыру үшін;
  • сізге қызықты болады деп санайтын ұсыныстарымыз бен басқа да ақпаратты хабарлау үшін;
  • біздің веб-тораптарымыз бен қолданбаларымызды пайдаланған кезіңізде сізге бейімделу үшін; немесе
  • сіздің қандай ақпарат алуға ынталы екеніңізді білу үшін сізбен өзара әрекеттесуіміздің негізінде профиль жасау үшін пайдаланамыз.

Сіз жарнамалық хат-хабарды алудан хат-хабардағы бас тарту сілтемелері арқылы немесе осы Құпиялық саясатының соңында сипатталған әдістердің бірі арқылы әрқашан бас тарта аласыз

 

 

БІЗ ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚАШАН ЖӘНЕ КІММЕН БӨЛІСЕМІЗ?

Cochlear тобында

Біз жеке ақпаратты Cochlear тобында дүние жүзі бойынша бөлісе аламыз. Cochlear тобының әр мүшесі сіздің жеке ақпаратыңызды тек осы Құпиялық саясатында келтірілген жолмен пайдаланады және бөліседі.

Қызмет көрсетуші провайдерлермен

Біз жеке ақпаратты Cochlear компаниясына немесе оның атынан қызмет көрсететін ұйымдармен, мысалы, бізге веб-торап қызметтерін көрсететін немесе біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді нарыққа шығаруға көмектесетін компаниялармен бөлісеміз. Кейбір жағдайларда сіз жеке ақпаратыңызды тікелей сол үшінші тараптық провайдерлерге беруіңіз мүмкін (мысалы, сіз біздің интернет-дүкеннен тауар сатып алып, төлем жасау үшін несие картаңыздың деректерін енгізген кезде, ол дерек тікелей үшінші тараптағы төлем операторына жіберіледі) және ол деректі сол үшінші тарап Cochlear компаниясымен бөлісуі немесе бөліспеуі мүмкін. Біздің қызмет көрсетушілерімізден біз олармен бөлісетін жеке ақпараттың құпиялығын қорғап, оны тек бізге қызмет көрсету үшін пайдалану келісімшарт бойынша талап етіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы серіктестермен, жабдықтаушылармен және күтім көрсетушілермен

Біздің өнімдеріміздің сізге жарамдылығын бағалау, сізге оларды пайдалануға көмектесу немесе емдеу үшін, денсаулық сақтау жұмыстарына немесе төлемге қатысты басқа себептерден біз сіздің жеке ақпаратыңызды денсаулық сақтау қызметкерлерімен (мысалы, хирург, сурдолог) бөлісуіміз мүмкін. Мысалы:

  • сіз қолданыстағы өнімге немесе қызметке онлайн тапсырыс бергенде, біз сіздің жеке ақпаратыңызды сіздің атыңыздан дәрігерлік қызметтердің ақысын төлейтін ұйымдармен (мысалы, АҚШ-та Medicare немесе Medicaid, ал Еуропада емнің өтемақысын төлейтін ұйымдар немесе сақтандыру компаниялары); және
  • дыбыс процессорының MAP файлдарының көшірмесін Cochlear сенімді сақтай алып, сізге медициналық қызмет көрсетуші қызметкерлермен бөлісе алуы үшін Cochlear бұлт технологиялары пайдаланылған кезде бөлісуіміз мүмкін.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңдарға сәйкес біз жеке ақпаратты ата-аналарға, қамқоршыларға немесе күтушілерге (қолданылатын болса) жария ете аламыз.

Іскерлік мәмілелер

Сіздің жеке ақпаратыңыз Cochlear тобының мүшесінің немесе біздің қызмет бөлімшелеріміздің бірінің акцияларын немесе активтерін, мысалы, сату, біріктіру, қайта ұйымдастыру немесе таратылу нәтижесінде иеленген компанияға табыс етілуі мүмкін. Егер мұндай табыс етілу орын алса, сатып алушы компанияның сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалануы осы Құпиялық саясатына және сіз бізге берген құпиялық басымдықтарына бағынады.

Заңды/үкіметтік сұраулар және Cochlear мен басқаларды қорғау

Біз жеке ақпаратты жария ету төмендегілерге сәйкес болады деп санасақ, оны жария етуіміз мүмкін:

  • заң (немесе сот шешімі немесе шақыруы) талаптарын орындау;
  • қоғамдық және мемлекеттік органдардан түскен заңды сұраулардың талаптарын орындау;
  • алаяқтық немесе жеке бас деректерін ұрлау сияқты ықтимал қылмыстың алдын алу немесе тергеу; немесе
  • Cochlear тобының, оның пайдаланушыларының немесе басқалардың құқықтарын, мүлкін немесе қауіпсіздігін қорғау.

 

 

COCHLEAR КОМПАНИЯСЫ COOKIE ФАЙЛДАРЫН, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОНДЫРЫМДАРЫН ЖӘНЕ СОҒАН ҰҚСАС ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАДЫ?

Cookie дегеніміз – веб-тораптарға кіру арасында ақпаратты қадағалауына көмектесу үшін сақталатын шағын файлдар. Біздің веб-тораптар cookie файлдарын бізге:

  • сіздің қандай веб-беттерге, қаншалықты жиі және қандай құрылғылардан кіретініңізді түсінуге;
  • сіздің шолғыш құрылғыларыңыз бен басымдықтарыңыз туралы ақпаратты жинау мен есте сақтауға;
  • сіздің шолғышыңыздың, құрылғыңыздың, еліңіз бен тіліңіздің негізінде біздің веб-тораптардың элементтерін дербестеуге;
  • нарықты талдау мақсатында сіз шолған нарық сегментін санаттарға жатқызу үшін сіз келген веб-торап немесе сіз кірген басқа тораптар туралы ақпаратты жинауға; және
  • сізге қолайлырақ мазмұнды, насихаттау хат-хабары мен жарнаманы қамтамасыз етуге көмектесу үшін пайдаланады.

Мысалы, сіз веб-тораптарға кірген кезде, cookie файлдар сіздің нені іздегеніңізді, қандай мазмұнды қарағаныңызды және қаншалықты жиі оралатыныңызды анықтауға көмектеседі. Біз жинайтын ақпарат сіздің жеке басыңызды тура анықтамаса да, сіз біздің веб-тораптарға тіркелгеннен кейін біз веб-тораптар мен қолданбаларымыздағы сіздің өткендегі және келешек әрекеттеріңізді сіз берген байланыс деректерімен байланыстыра аламыз.

Біздің веб-тораптарымыз пайдаланатын кейбір cookie файлдарын біз орнатамыз, ал басқаларын біздің атымыздан үшінші тараптар орнатады. Үшінші тараптардың cookie файлдарын пайдалану бізге Cochlear жарнамасын өзіңіз баратын басқа веб-тораптардан қарауыңызға себеп болуы мүмкін өзара тиімді жарнаманы орналастыруға мүмкіндік береді.

Біз веб-тораптарымыз бен қолданбаларымыздың пайдаланылуы туралы статистикалық деректер алу үшін Google Analytics қызметін және жарнаманы басқарып, орналастыру үшін Google AdSense пен Google DoubleClick қызметтерін (бірге «Google Services») пайдаланамыз. Google қызметтері сіздің пайдалануыңызды ұялы телефоныңыз немесе дербес компьютер сияқты бірнеше құрылғы арқылы үйлестіреді. Google Analytics туралы көбірек білу немесе біздің веб-тораптарға кіруіңіз туралы оның ақпарат жинауына жол бермеу үшін мына жерді басыңыз немесе Google қызметтері арқылы жарнама алуыңызды бақылау үшін Google тіркелгіңізге кіріңіз.

Егер cookie файлдарын орнатқыңыз келмесе, интернет шолғышыңызды cookie файлдарын қабылдамайтын етіп баптауыңызға болады. Солай еткенде, біздің веб-тораптарымыздың кейбір мүмкіндіктері ойдағыдай жұмыс істемеуі мүмкін. Cookie файлдары мен соған ұқсас технологиялар туралы көбірек білу үшін allaboutcookies.org веб-торабына кіріңіз.

Сондай-ақ өнеркәсіптік веб-тораптар арқылы өзара тиімді жарнаманы алудан www.networkadvertising.org/choices, www.aboutads.info/choices және www.youronlinechoices.com веб-тораптарына кіру арқылы бас тартуға болады (Еуропа тұрғындары үшін).

Әлеуметтік желі қондырымдары

Сондай-ақ cookie файлдарына қоса, біздің веб-тораптарымыздағы нәрселерді онлайн достарыңызбен және туыстарыңызбен бөлісуіңіз үшін Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желілерден қондырымдарды ендірдік. Қондырымы бар веб-тораптарымызға кірген сайын сіздің шолғышыңыз Facebook және (немесе) Twitter серверлеріне жалғанады. Егер сіз біздің веб-тораптарға кірген кезде Facebook және (немесе) Twitter қызметтеріне кірсеңіз, олар біздің веб-тораптарға сіздің кіруіңізді сіздің тиісті тіркелгіңізбен байланыстыруы мүмкін.

 

 

ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ САҚТАУ

Жеке ақпарат қай жерде өңделеді және сақталады?

Cochlear – жаһандық компания, оның бас кеңсесі Австралияның Сидней қаласында орналасқан, бірақ Еуропа Одағында, Америка Құрама Штаттарында және басқа жерлерде негізгі кәсіпорындары мен қызметкерлері бар. Сіздің жеке ақпаратыңыз Cochlear компаниясы, Cochlear тобы немесе олардың тиісті қызмет көрсетушілері жұмыс істейтін кез келген жерде табыс етілуі, өңделуі және сақталуы мүмкін. Жеке ақпарат ЕО/ЕЭА тұрғындарынан жиналып, жеке ақпаратты қорғау бойынша стандарттары төменірек елдерге жіберілетін жағдайда, Cochlear компаниясы деректерді қорғаудың ЕО стандарттарына сәйкес қорғау мен өңдеу бойынша шаралар қолданады.

Cochlear компаниясы ақпаратты қанша уақыт сақтайды?

Cochlear компаниясы жеке ақпаратты бастапқы жиналған мақсаты үшін немесе сіз келіскен мақсаттарда қосымша пайдалану үшін немесе біздің құқықтық-нормативтік жазбаларды жүргізу бойынша міндеттемелерімізді орындау үшін қанша қажет болса, сонша уақыт жеке басыңызды анықтайтын түрде сақтайды. Содан кейін біз ақпаратты жоямыз немесе ол сізбен байланысты болмайтындай, танылмайтын етеміз.

 

 

ҚАУІПСІЗДІК

Cochlear компаниясы жеке ақпаратты қалай құпия етеді?

Cochlear компаниясы жеке ақпаратты теріс пайдаланылудан, жоғалудан және рұқсатсыз қол жеткізу мен жария етілуден қорғау үшін тиісті әкімшілік, техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолданды. Біздің қауіпсіздік шараларымызға қол жеткізуді тиісті түрде бақылау, шифрлау (қажет болғанда) және қауіпсіздікті үнемі бағалау кіреді.

 

 

БАЛАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Cochlear компаниясы балалардың құпиялығын және ата-аналарының құқықтарын қалай сақтайды?

Біздің веб-тораптарымыз бен қызметтеріміз емделушілер, ата-аналар және жалпы көпшілік сияқты жалпы қауымға арналған, бірақ олар әдетте балаларға арнайы бағытталмайды. Ата-аналар біздің веб-тораптарымыз немесе әлеуметтік желілер арқылы пайдаланушылар олардағы басқа адамдармен мазмұнды бөлісе алатын мүмкіндіктер (мысалы, бар болса, біздің Cochlear қауымы торабы арқылы) бар екенін білуге тиіс. Егер бала осы мүмкіндіктерді пайдалануға тиіс болса, бала жеке ақпаратты, соның ішінде денсаулыққа қатысты ақпаратты басқа пайдаланушыларға немесе көпшілікке жария етуі мүмкін.

Ата-аналар балалардың жеке ақпаратын қарап шығуға, өзгертуге, жоюды талап етуге немесе одан әрі жинауға немесе пайдалануға рұқсат бермеуге құқылы. Ата-аналар, сондай-ақ, балаларының жеке ақпаратын жинау мен пайдалануға келісуіне, бірақ оның белгілі бір үшінші тараптарға жария етілуіне рұқсат етпеуіне болады. Ата-аналар төмендегі әдістердің бірі арқылы хабарласып, осы әрекеттердің кез келгенін талап ете алады немесе біздің құпиялық саясатымызға қатысты сұрау сала алады.

 

 

АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ

Жеке ақпаратқа қалай қол жеткізуге, түзетуге немесе жоюға болады?

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды біздің қалай жинап, пайдаланатынымызды және бөлісетінімізді таңдау бойынша сіздің құқығыңызды құрметтейміз. Сіздің жеке ақпаратыңызды жинаған кезде, біз оның дұрыс, толық әрі жаңа болуы үшін шаралар қолданамыз. Бірақ біз сіздің жеке ақпаратыңыз бер құпиялық қағидаларыңыздың уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін түсінеміз.

Cochlear компаниясының бақылауындағы жеке ақпаратыңызға қол жеткізу, түзету, толықтыру немесе жою үшін төменде келтірілген әдістердің бірі арқылы бізге хабарласыңыз. Сіздің құпиялығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қорғау үшін біз деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін бермес бұрын немесе жазбаларымызды түзетпес, толықтырмас немесе жоймас бұрын сіздің жеке басыңызды тексеру үшін қисынды әрекеттерді жасаймыз.

 

 

БІЗГЕ ХАБАРЛАСУ

Осы саясатқа қатысты немесе Cochlear компаниясының сіздің жеке ақпаратыңызды қалай пайдаланатыны туралы сұрақтар мен мәселелерді қалай көтере аласыз?

Ақпаратыңызға қол жеткізгіңіз, байланыс деректеріңізді өзгерткіңіз немесе осы Құпиялық саясаты немесе жеке ақпаратыңызды біздің қалай пайдаланатынымыз туралы сұрақтар мен мәселелерді көтергіңіз келсе, privacy@cochlear.com мекенжайына хат жазыңыз немесе өзіңізге жақын Cochlear аймақтық кеңселерінің біріне хабарласыңыз:

COCHLEAR LIMITED
Attn: Privacy Officer
1 University Avenue
Macquarie University
NSW 2019
Australia
 
COCHLEAR AMERICAS
Attn: Privacy Officer
13059 East Peakview Avenue
Centennial, CO 80111
United States of America
 
COCHLEAR EUROPE LIMITED
Attn: Privacy Officer
6 Dashwood Lang Road
Bourne Business Park
Addlestone
Surrey KT15 2HJ
United Kingdom
 

Біз сізде болуы мүмкін сұрақтар мен мәселелерді шешуге тырысамыз, дегенмен сіз жергілікті құпиялықты немесе деректерді қорғау жөніндегі реттеуші органға тікелей хабарласа аласыз.

 

ОСЫ САЯСАТ ӨЗГЕРГЕН КЕЗДЕ НЕ БОЛАДЫ?

Толып жатқан себептерге, соның ішінде заңнаманың, ережелердің немесе біздің бизнес жүргізу тәсілдеріміздің өзгеруіне байланысты осы саясатты мезгіл-мезгіл жаңартып отыру керек болуы мүмкін. Біз өзгерту енгізсек, ненің жаңарғаны туралы сіздерді хабардар ету үшін ол күшіне кірерден 30 күн бұрын жаңартылған саясатты жариялаймыз.

 

РАҚМЕТ

Біз осы саясатты оқып шығу үшін уақыт бөлгеніңізге алғыс білдіреміз. Біз жеке ақпаратыңызды бізбен бөлісуді таңдаған кезде Cochlear компаниясына сенім артатыныңызды білеміз, сондықтан біз адамдарға Hear now. And always (Қазір және әрқашан есту) бойынша көмектесе отырып, ақпаратты жауапкершілікпен пайдалануға ниеттіміз.

 

Соңғы жаңартылған күні: 2017 жылғы қыркүйек айы. D1225929 аудармасы: D1212310.