Skip to main content

Nucleus® Smart қолданбасы: Естуді бақылау құралы


Nucleus® 7 дыбыс процессоры тындау ортасын үздіксіз қадағалайды және сөйлесу кезін анықтай алады. «Сөйлесу уақыты» экранындағы кестелер сөйлесу ортасында өткізілген уақытты бақылайды. Егер ағынмен жіберу қосалқы құралын (мысалы, Cochlear Wireless TV Streamer (ТД стримерін)) пайдалансаңыз, уақыт та есептеліп, жалпы «Сөйлесу уақытына» қосылады.

Тыңдау ортасында өткізілген уақыт есту сапарыңыздағы ілгерілікке қатысты. «Сөйлесу уақыты» әр адамда әр түрлі және жасына, отбасы мен жұмыс жағдайына және сапарыңыздың қай жерінде жүргеніңізге байланысты болады. Жұмысты бастаудың жақсы жолы — бір аптадай «Сөйлесу уақытын» бақылау, содан кейін мақсатыңызды сәл жоғары етіп, оны жақсарта аласыз ба, соны байқаңыз.

Nucleus Smart қолданбасындағы кеңестер «Сөйлесу уақытын» арттыруға көмектесе алады.


«Катушканың ажырауы» Nucleus 7 дыбыстық процессоры катушкасының сол күні кохлеарлық импланттан неше рет ажыратылғанын білдіреді. Бұл сан катушканың барлық әдейі алынған жағдайларын (мысалы, киім ауыстырғанда немесе жуынғанда) және де катушканың байқаусызда ажыратылған жағдайларын (мысалы, кездейсоқ қағып жіберу) білдіреді. Егер катушка кабелінде ақаулық болса, «Катушканың ажырауы» жазылуы да мүмкін.

«Катушканың ажырау» саны әр адамда әр түрлі болады, себебі ол өмір сүру салтына байланысты. Өзіңіздің базалық деңгейіңізді орнату — табылған ақыл. Өзіңіз немесе балаңыз үшін қалыпты жағдайды түсіну үшін апта сайын орташа «Катушканың ажырау» санын пайдалануға болады. Не болмаса, кездейсоқ «Катушканың ажырау» саны мүлдем болмағанына немесе аз болғанына сенімді болсаңыз, бір күнгі «Катушканың ажырау» санын жазуға болады. Бұл базалық деңгейді көріп отырған «Катушканың ажырау» саны әдеттегіден жоғары екенін анықтау үшін пайдалана аласыз.

Nucleus Smart қолданбасындағы кеңестер орын алған «Катушканың ажырау» санын азайту бойынша ұсыныстармен көмектесе алады.


Nucleus 7 дыбыс процессорыңыз бен үйлесімді Android™ құрылғыңыз арасындағы байланыс жоғалған болуы мүмкін, сол себепті осы уақыт аралығында жеткіліксіз мәлімет жиналған.

Алдағы уақытта мұндай жағдай орын алмауы үшін, үйлесімді Android құрылғысы мен дыбыс процессорының екеуі де қосылып тұрғанын, Bluetooth® жұмыс істеп тұрғанын және үйлесімді Android құрылғысы жақын орналасқанын тексеріңіз (кемінде таңертең бір рет және кешке бір рет).

Мәлімет жиналуы үшін Nucleus Smart қолданбасы істеп тұруы керек, бірақ оның алдыңғы фонда белсенді болуы міндетті емес.


Жоқ. Бар болғаны үйлесімді Android құрылғысы мен Nucleus 7 дыбыс процессорының екеуі де қосылып тұрғанын және бір-біріне жақын орналасқанын жиі тексеріп (кемінде таңертең бір рет және кешке бір рет), Bluetooth жұмыс істеп тұрғанын және үйлесімді Android құрылғысында Nucleus Smart қолданбасы жұмыс істеп тұрғанын тексеру қажет.


Жоқ. Сіздің құпиялығыңыз біз үшін маңызды. Nucleus 7 дыбыс процессоры қоршаған ортаны қадағалап, сөйлесуді анықтайды, бірақ дыбысты жазбайды.


Cochlear компаниясы Естуді бақылау құралындағы мәліметтеріңізді сақтамайды. Ол тек өзіңіздің үйлесімді Android құрылғыңыздың ішінде сақталады.


ForwardFocus – есту қиындықтары болатын жағдайларда сізге жақсырақ естуге көмектесетін, пайдаланушы іске қосатын басқару мүмкіндігі. Оны Nucleus Smart қолданбасының «Бағдарлама» қойындысынан қосуға немесе өшіруге болады.

Қосулы болғанда ForwardFocus алдыңызда сөйлеп отырған адамды естуге мүмкіндік жасап, артыңыздағы шуды азайтады. Алдыңызда сөйлеп отырған адамға назарыңызды шоғырлау қажет болғанда оны қосып, қажет болмағанда, мысалы, тыныш жерлерде оны өшіріп қойыңыз.


ForwardFocus мүмкіндігін есту маманы қосуы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Cochlear компаниясына немесе есту маманына хабарласыңыз.